Украина президенті Владимир Зеленский Bild-ке берген сұхбатында Путинмен келіссөздері туралы пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Зеленскийдің айтуынша, Киевте Ресей президенті Владимир Путинмен отырып келіссөз жүргізгеннен басқа амалы жоқ, себебі соғысты тек Путин тоқтата алады.
«Бүгінде Украинада келіссөз үстеліне отырғаннан басқа амал жоқ. Бұл соғысты тек Ресей тоқтата алады. Соғыс қашан тоқтайтынын тек ол (Путин-еск.) шешеді», – деді Зеленский.
Сонымен қатар, Украина басшысы «Ресей мен ресейлік сарбаздарды жеккөретінін» ашып айтты.
«Көз алдыма елестеген кезде. Қолынан, аяғынан айырылып қайтыс болған балалар. Бұл – сұмдық», – деді президент.