Қалалық қоғамдық-саяси газет

Теңіз кенішінде 30-дан астам жұмысшы уланып қалды

0 691

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында 30-дан астам жұмысшы тамақтан уланып қалды деп хабарлады turkystan.kz ҚазаАқпаратқа сілтеме жасап.

Теңіз кен орны Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 100 шақырымнан астам қашықта орналасқан. Кен орнындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға тартылған мердігер отандық компаниялардың бірі ISKER ЖШС. Аталған компанияның 30-дан астам жұмысшысы вахталық кенттегі асханадан түскі ас ішкен соң уланып қалған.

Тамақ ішкеннен кейін өздерін жайсыз сезінген жұмысшылар дәрігерлік көмекке жүгінген. Оларға «орташа ауырлықтағы диарея» диагнозы қойылды.

Оларға Теңіз кен орнындағы медициналық клиникада алғашқы көмек көрсетіліп,  бір тобы клиникаға жатқызылған.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметі аталған оқиғаға байланысты ақпаратты кейін беруге уәде етті.

Еске салақ, бұған дейін Теңіз кен орнында жарылыс болып, 2 адам қаза тапқан еді. Кейін Теңіз кен орнындағы жарылыс құбырдың фланецті қосылысының үзілуінен болғаны белгілі болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.