Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тазалық табалдырықтан басталады

0 305

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті. Тазалықты жанына серік еткен мойынқұмдықтар бүгін республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылына кіре беріс тас жолдың бойы кездейсоқ қоқыстар мен жол жиегіндегі арам-шөптерден тазартты.
Іс-шараға аудан әкімдігінің бөлімдері, аудан орталығындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлері, Мойынқұм ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері және аудан тұрғындары белсенді атсалысты.
Тұрғындардың бірлігі арқасында жұмыс нәтижесі жылдам әрі тиянақты көзге көрініп отырды.
Мойынқұм ауылының кіре берісінен бастау алған шарада жол бойындағы қоқыстар қаптарға жиналылып, арнайы орындарға шығарылды. Мойынқұм ауылы ішіне ағын су кіретін арықтардың маңы тазартылып,
Жалпы атқарылған жұмыстардың көлемі Мойынқұм ауылының орталық Амангелді көшесінің бойын тазалау, аудан төлқұжаты және «Керей мен Жәнібек» ескерткіштері маңындағы ағаш және бағаналарды әктеу сырлау жұмыстары жүргізіліп барлығы 15 ағаш және 10 бағана әктелініп сырланды. Аудан орталығындағы саябаққа 50 түп жеміс жидек ағашы, 30 түп шырша (туя) ағаштары оырғызылды.

Мойынқұм ауданы әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.