Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тазалық табалдырықтан басталады

0 288

Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың қатысуымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Басқосу барысында қаладағы құрылыс жұмыстары және нысандардың жобалық-сметалық құжаттарының әзірленуі және шаһар аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау жөніндегі екі айлыққа дайындық шаралары сараланды.

Бүгінде Тараз қалалық құрылыс бөлімі тарапынан 63 нысанға құрылыс-монтаждау, 30 нысанға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. 12 жобаның құжаттамалары әзірленіп, сараптамадан оң қорытындысы алынды. Оның ішінде 5 жобаға басымдық беріліп, қаржы көзін қарастыру тапсырылды. Атап өтетін болсақ, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі ғимараттарға су ағар жүйесінің құрылысын салу, №15 ықшамаудандағы магистральды желілерді кеңейту, Қосы батыр көшесінен Пушкин көшесінің бойымен кәріз коллекторларын салу мен «Тектұрмас» этнотарихи кешені маңындағы Талас өзенінің жағалауын абаттандыру бар.
Көктемгі екі айлық барысында талдарды әктеу, электр бағаналарын сырлау, 215 шақырым көшелерді тазарту, 388 030 шаршы метр саябақтарды, скверлерді тазалау, 4000 тонна кездейсоқ күл-қоқыс орындарын шығару жоспарланып отыр. Абаттандыру және көгеріштендіру жұмыстары аясында 50 гектар жасыл желекті күтіп ұстау, 10 гектар жасыл белдеуге көшет отырғызу, ирригация желілерін тазарту, талдарды паспорттау жұмыстары да жүргізіледі. Сонымен қатар жас ағаштар мен гүл көшеттері отырғызылады.
– Құрылыс саласындағы жұмыстар уақытылы әрі тиімді іске асырылуы қажет. Тазалық жұмыстарына келсек, қала тазалығы ортақ жұмыс, сондықтан мекеме қызметкерлері мен тұрғындар, қаламыздың көркеюіне атсалысу қажет, – деді шаһар басшысы.

Тараз қаласы әкімінің
баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.