Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тазалық сақтамағандар айыппұл арқалайды

0 264

Тазалық сақтаудың тәртібі баршаға ортақ. Қала аумағында құрылыс қалдықтары, стихиялық қоқыстың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орынға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Соның нәтижесінде былтырғы жылы 1 182 нысан иесінің талапқа сай тазалық сақтамағаны анықталды. Оның ішінде 1 008 тұрғынға ескерту берілсе, 174 азаматқа айыппұл салынды.
Сонымен қатар 15 қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін тазалық сақтамаған 272 нысан иесі анықталса, 224 адамға ескерту берілді және 48 адамға айыппұл салынды.
Жалпы, тазалық сақтамаған тұрғындарға, нысан иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.

Тараз қаласының әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.