Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тазалық сақтамағандар айыппұл арқалайды

0 486
Тазалық жасалған жерде емес, сақталған жерде болады. Қала аумағында құрылыс қалдықтарын, стихиялық қоқыстардың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан үнемі ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орындарға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Соның нәтижесінде былтыр 1392 тұрғынға ескерту беріліп, 35 адамға айыппұл салынған. Ал, биылғы ақпан мен наурыз аралығында тазалыққа салғырт қараған 259 тұрғын анықталды. Оның ішінде 204 үй иесіне ескерту берілсе, 42 адам айыппұл арқалады.
Сәуір айының 15-інен мамырдың 1-іне дейінгі аралықта тазалық сақтамаған 134 үй иесі анықталып, оның ішінде 110 үйге ескерту берілді. 24 үй егесіне айыппұл салынды.
Ал 1 мамырдан бастап тазалық сақтамаған 179 аула анықталса, оның 157-сіне ескерту берілді. Сонымен қатар 22 үй иесіне айыппұл салынды.
Айта кетейік, тазалық сақтамаған тұрғындарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.