Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тазалық сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынады

0 554
Қала тазалығын сақтау баршаға ортақ. Дегенмен, осыны ұғынбай, шаһар тазалығына немқұрайлы қарайтын жандардың қатары әлі де көп. Тіпті, кәріз суын көшеге ағызу, аялдама орындығын, айналасын ластау сынды жағымсыз әрекеттер де тыйылар емес. Ал оларды тәртіпке шақыру үшін қадағаны күшейту қажет.
Осы мақсатта қала аумағында құрылыс қалдықтарын, стихиялық қоқыстардың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан үнемі ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орындарға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде былтыр 1392 тұрғынға ескерту беріліп, 35 адамға айыппұл салынған.
Ал, биылғы ақпан айы мен наурыздың 15 күні аралығында тазалыққа салғырт қараған 123 тұрғын анықталды. Оның ішінде 102 үй иесіне ескерту берілсе, 8 адам айыппұл арқалады.
Айта кетейік, тазалық сақтамаған тұрғындарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.
Жалпы, айналаны таза ұстау, қоршаған ортаға қамқорлық таныту – әр адамның міндеті. Осыны барлық адам түсінгені абзал.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.