Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тазалық сақтамаған 42 тұрғынға айыппұл салынды

0 708
Қала тазалығы – шаһар мәдениетінің көрінісі. Дегенмен, шаһар тазалығына салғырт қарайтын тұрғындар әлі де кездеседі. Тіпті, қаланың шет аумақтарында ғана емес, орталықтың өзінде де тазалық талабын бұзатындар азаймай тұр. Ал оларды тәртіпке шақыру үшін қадағаны күшейту қажет.
Осы мақсатта қала аумағында құрылыс қалдықтарын, стихиялық қоқыстардың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан үнемі ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орындарға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Соның нәтижесінде былтыр 1392 тұрғынға ескерту беріліп, 35 адамға айыппұл салынған. Ал, биылғы ақпан айы мен наурыздың 30 күні аралығында тазалыққа салғырт қараған 259 тұрғын анықталды. Оның ішінде 204 үй иесіне ескерту берілсе, 42 адам айыппұл арқалады.
Айта кетейік, тазалық сақтамаған тұрғындарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.
Жалпы, айналаны таза ұстау, қоршаған ортаға қамқорлық таныту – әрбір қала тұрғынының міндеті.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.