Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тазалық – денсаулық кепілі

0 1  173

Бүгінде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Айталық, жуырда «Аса», «Алатау», «Мыңбұлақ» ықшамаудандарындағы ішкі кварталдық арық жүйелерін тазарту бойынша кезекті сенбілік өткізілді. Сенбілік туралы хабарлама барлық облыстық және қалалық мекемелерге, кәсіпорындарға, облыс әкімдігінің басқармалары мен қала әкімдігінің бөлімдеріне, кәсіпкерлерге және бизнес өкілдеріне таратылған болатын.

Тазалық шарасына 300-ден аса адам қатысып, 5 техника жұмылдырылды Нәтижесінде 31 тонна қоқыс шығарылды. Алайда қала тұрғындары тарапынан сенбілікке қатысуға белсенділік байқалмай тұр. Тазалық – денсаулық кепілі. Ал оны сақтау – әр азаматтың міндеті. Сондықтан да әрбір тұрғын шаһар келбетін жақсартуға бағытталған шараларға барынша қатысқаны абзал.

Наргиза Туракулова 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.