Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың маңызды міндеті. Табиғатты қорғау – тек мемлекеттің немесе ұйымдардың ісі емес, бұл әрқайсымыздың жеке жауапкершілігіміз. Күнделікті өмірде қоқысты арнайы орындарға тастау, қайта өңдеуге болатын қалдықтарды сұрыптау, ресурстарды үнемді пайдалану – бұл қарапайым әрі тиімді қадамдар. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған өзен-көл жағасы, таза ауа мен су – келешек ұрпақ үшін қалдырған ең үлкен мұра.
Осы орайда 2024 жылдың 31 қазаны Қарабөгет ауылдық округінде республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза табиғат – болашақ кепілі» атты іс-шара өтті. Іс-шараға аудан тұрғындары белсене қатысып, өздерінің тазалық аясында белсенділіктерін көрсетті. Округ тұрғындары бірлесіп ауыл аймағын қоқыстан тазартып табиғатты қорғауға үлестерін қосты. Бұл бастама ауылда экологиялық мәдениетті нығайтуға және қоршаған ортаға деген қамқорлықты арттыруға бағытталған.
Табиғатты қорғап, оны таза ұстау арқылы біз денсаулығымызды сақтап қана қоймай, экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеміз. Біздің бірлескен күш-жігеріміз жарқын әрі экологиялық таза болашаққа алып келеді.
Д.Аманқұлов,
Мойынқұм ауданы