Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Таза ел – тұғырлы болашақ!»

0 77

Тараз қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Таза ел – тұғырлы болашақ!» атты сенбілік акциясы ұйымдастырылды.

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тазалық жұмыстары Талас өзені бойында және автобекет маңында жүргізілді.

Игі шараға облыстық, қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтарының мамандары, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары мен еріктілерден құралған жалпы саны 80-ге жуық белсенді  жас жұмылдырылды.

Акцияның басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастардың табиғатқа жанашырлық сезімін арттыру. Сонымен қатар, елді мекендерде санитарлық тазалықты сақтау, жасыл аймақтарды көбейту, қоғамдық жауапкершілікті күшейту және экологиялық бастамаларға тұрғындар мен жастарды кеңінен тарту көзделген.

– Біз бүгін Жамбылда еріктілер болып бірігіп, қаланың тазалығын жақсартуға өз үлесімізді қостық. Бұл — әрбір азаматтың борышы деп білеміз. «Таза Қазақстан» акциясы — тек бір реттік шара емес, бұл — экологиялық сана мен жауапкершілікті қалыптастыратын қозғалыс. Сондықтан еліміздің барлық өңірлеріндегі азаматтарды осындай игі істерге атсалысуға шақырамыз, –  дейді Жамбыл ауданы Жастар ресурстық орталығының жастар кеңесшісі Нұрлыбек Құрманов.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Еркін САЙЫН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.