Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Таза Қазақстан»: облыс аумағында 1 600-ден астам сенбілік өтті

0 773
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Таразда да толайым тірліктер атқарылды. Тазалық іс-шарасы негізінде облыста акция басталғаннан бері 1 600-ден астам сенбілік өткізіліп, 214 мың адам жұмылдырылды.
Сондай-ақ биыл абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына жалпы 9,4 миллиард теңге қарастырылған. Осының аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен скверлер, 816,6 шақырым каналдар мен арықтар, 3,1 мың шақырым көше мен 99 мың аулалар қоқыстардан тазартылып, 9,7 мың қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшет отырғызылып, 49 субұрқақ іске қосылған.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы жыл соңына дейін жалғасып, тұрғын үйлер, жолдар, халыққа арналып салынған демалыс саябақтары жөнделмек. Бұл бағытта Тараз қаласында да ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.