Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Тазалықты сақтау – әркімнің парызы»  тақырыбында Тараз қаласында тазалық жұмыстары жүргізілді

0 355

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде елімізде республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бастау алғаны белгілі. Бұл бағытта Тараз қаласында да ілкімді істер қолға алынуда.

Халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүргізілуде.

Бүгінде акция шеңберінде«Жасыл-Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары мен аумақ тұрғындары жұдырықша жұмылып,массив «Көктем», Абишев көшесінің аумағында өртқауіпсіздігіналдын алу мақсатындасарғайып, қураған шөптерді орып, тазалау жұмыстарын жүргізіп, айналасын күл-қоқыстан тазалады.

«Акция аясында қала тұрғындары тазалық жұмыстарына белсене қатысып, тазалықты сақтап, шаһардың көркеюіне үлес қосса,осы арқылы әрбіріміз қала тазалығын сақтап ғана қоймай, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен ұлттық тәрбиеге баулу басты мақсатымыз» –  деді Тараз қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы М.Рахымбеков.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.