Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлебек Құлекеевтің айтуынша, несие шарты бойынша ауыл тұрғындары мал басын одан әрі өсіру үшін тауарлық несие алады. Онда аз қамтылған отбасылар мен жұмыссыз азаматтарды қолдауға басымдық беріледі.
Жергілікті кәсіпкерлер жаңа бағдарлама аясында тауарлық несие беруге дайын екендерін айтып отыр. Нәтижесінде тауарлық несиелеу бағдарламасы аясындағы алғашқы келісім Шу ауданында жасалды. Атап айтсақ, «Атай» шаруа қожалығының иесі Сәкен Атаев Абай ауылының тұрғыны Қалисұлтан Тілепбергеновке құны 3 млн теңге болатын 50 бас, Бақытжан Ботаевқа 3 млн теңгеге 50 бас қой тұқымын берді.
– Жаңа бағдарлама тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға жақсы мүмкіндік береді деп есептеймін. Ауылдастарымды қолдап, еліміздің дамуына үлес қосуға әзірмін. Алдағы уақытта асыл тұқымды мал беру де ойымда бар, – дейді Сәкен Атаев.
Ал өз кезегінде Қалисұлтан Тілепбергенов тауарлық несиелеу тетігін тиімді пайдаланып, ауылдық ағайынға қолдау көрсетпек.
Қазіргі уақытта өңірдің барлық аудандарында жаңа бағдарламаны түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Мойынқұм ауданында «Үркер» шаруа қожалығы 20 бас ірі қара мен 100 бас уақ мал беруге дайын. Қазір белсенді ауыл тұрғындарының тізімі жинақталуда.
Тауарлық несие шарттары бойынша 5 жыл ішінде өтелуі керек. Оның бірінші жылы – демалыс, одан кейін жыл сайын төлдің 50 пайызы негізінде өтем төлеуге міндеттеледі. Бағдарламада ауыл шаруашылығы жануарларын сақтандыру шарты және кепіл көзделген. Бірақ бұл тармақтар міндетті емес, тек екі тараптың келісіміне сәйкес жүзеге асады.
Жалпы, тауарлық несиелендіру бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 80-ге жуық келісімге қол қою жоспарлануда.Тоқаев өз Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына жаңа құрал – «тауарлық несиені» енгізу мәселесін қарастыруды тапсырған болатын. Жаңа бағдарламаның мақсаты – ауылдық елді мекендерде мал басын көбейту.