Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тауарлар тиімді бағада саудаланды

0 321

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласындағы «Grand bazaar» сауда кешенінде өткізіліп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі сенбі күні де жалғасын тапты.

Жәрмеңкеге Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері жеткізілген.
Мұнда жалпы құны 34 миллион теңгені құрайтын 52,8 тонна ауыл шаруашылығының тауарлары ұсынылды. Оның ішінде 10,7 тонна жылқы, сиыр, қой және тауық еттері, 2,5 тонна шұжық, 4,2 тонна сүт, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік, 2,4 тонна макарон, 0,6 тонна балық, 2 тонна ұн, 1,6 тонна бал және 28,3 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері сатылымға шығарылды.
Жәрмеңкедегі бағаға жұртшылық дән риза.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.