Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тауар таңбаларын Қазақстан Республикасында құқықтық қорғау

0 1  200

Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес, тауар таңбасы дегеніміз – бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қолданылатын белгі.

Тауар таңбасы ретінде бейнелік, сөздік, әріптік, сандық және өзге де таңбалар немесе олардың комбинациялары тіркелуі мүмкін.

Тауар таңбасы кез келген түсте немесе сандық үйлесімінде тіркелуі мүмкін.

Тауар таңбасын тiркеуге жол бермейтiн абсолюттiк негiздер:

  • Айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілер және бірдей тауар белгілері;
  • Белгілі бір түрдегі тауарларды белгілеу үшін жалпы қолданысқа енгізілген белгілер;
  • Жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер;
  • Тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген жерi мен уақытын көрсететiн белгілер;
  • Өзiнiң мазмұны жөнiнен қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен iзгiлiк принциптерiне қайшы келетiн белгiлер және тағыда басқа осындай белгілерді тiркеуге жол берiлмейдi.

Тауар таңбасын тіркеуге өтінімді «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (бұдан әрі – Qazpapent) cараптама ұйымының парақшасы qazpatent.kz немесе e-gov веб-портал арқылы электрондық түрде немесе Qazpatent cараптама ұйымының кәңсесі арқылы  қағаз тасымалдаушыда беруге болады.

Тауар таңбасын тіркеу, егер құжаттар дұрыс болған жағдайда, өтінім берілген күннен бастап 7 ай ішінде жүзеге асырылады және он жыл бойы қолданылады. Тауар белгісін тіркеудің қолданылу мерзімі оның қолданылуының соңғы жылы ішінде иесінің өтініші бойынша әрбір ретте он жылға ұзартылады.

Қазақстан Республикасындағы тауар таңбаларын құқықтық қорғау мемлекеттік тіркеу негізінде, сонымен бірге Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына байланысты тіркеусіз ұсынылады.

Тауар таңбаларын құқықтық қорғау жеке немесе заңды тұлғаларға ұсынылады.

Тауар таңбасына құқықтық қорғау Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiндегі жазбамен куәландырылады және Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді-көшірмесімен расталады.

Тауар таңбасының иесі оған тиесілі тауарлар мен қызметтер куәлігінде көрсетілген тауар таңбасын пайдалану мен иелік ету бойынша айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбасын оның иесінің келісімінсіз ешкім пайдалана алмайды.

Осы Заңының талаптарын бұзған жағдайда жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы айта кетеміз.

Ғалымжан Қуатбеков,
Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.