Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тауар белгілері мен географиялық нұсқамалар жергіліктіэкономиканың дамуына қалай ықпал ете алады

0 237

Географиялық нұсқама (бұдан әрі — ГН) – ұзақ тарихы бар және шыққан жерімен, оның табиғатымен мәдениетімен тығыз байланысы бар ауыл шаруашылығы өнімдерін, азық-түлік өнімдерін, шараптармен күшті спирттерді, қолөнер және өнеркәсіптік бұйымдарды белгілеу үшін пайдаланылады.

ГН тіркеудің артықшылығы жергілікті экономиканың дамуына ықпал етеді. ГН пайдаланатын өндірушілер жұмыс орындарын ашып, аймақтық кәсіпорындардың өсуіне ықпал ете алады.

ГН аймақтың әл-ауқатының өсуіне жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мен кірістердің өсуі түрінде ғана емес, сонымен қатар аймақтың бірегей өнімдерімен мәдениетімен таныс қысы келетін туристерді тарта алады.

Экономика тұрғысынан ГН – бұл сіздің зияткерлік меншігіңізді қорғаудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар тауарларға бірегейлік қосуға, олардың сапасын көрсетуге және жоғары бағамен сатуға мүмкіндік беретін тамаша маркетингтік құрал.

Сонымен қатар, зерттеушілер атап өткендей, бұл құрал қазіргі экономикаға бейімделуі қиынға соғатын жергілікті және ауылдық өндірушілер үшін өте пайдалы болып табылады. Ғалымдар статистиканы келтіреді: ГН ретінде тіркелгеннен кейін Доминикандық Хамао кофесінің нарықтық құны 59% – ға,  Антигуа кофесі 200%-ға өсті.

«Жамбылцемент» зауыты өңірдің экономикалық дамуына ықпал ететін заманауи өнеркәсіптік өндірістің жарқын үлгісі болып табылады. Жамбыл облысында 14 жыл бұрын тартылған шетелдік инвестициялардың арқасында пайда болған кәсіпорын қазіргі уақытта өз өнімдерін елдің ішкі нарығындада, көршілес Өзбекстанмен Қырғызстанға экспорттауда.

Құрылған сәттен бастап зауыт өндіретін цемент халықаралық стандартқа сәйкес келеді. Жоғары сапаның арқасында өнімдер нарықта кең сұранысқа ие. Айтакету керек, өнім алу үшін жергілікті шикізат қолданылады.

Қазіргі уақытта зауытта тұрақты түрде 200-ге жуық адам жұмыс жасайды.

Ғалымжан Қуатбеков,
Жамбыл облысы Әділет департаменті
зияткерлік меншік құқығы
бөлімінің бас маманы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.