Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тау тұлғаға тағзым

0 529

Биыл қазақтың біртуар азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірден озғанына 32 жыл толды.

Осыған орай, арда азаматтың Тараздағы ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Салтанатты іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков, зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысып, Алаш арысының рухына тағзым етті.
Дінмұхамед Ахметұлы өмірінің жарты ғасырға жуық уақытын ел басқару ісіне арнады. Оның ішінде ширек ғасырға жуық Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Мәдениет, өнер мен әдебиет Дінмұхамед Ахметұлының ерекше көңіл бөлген, жақсы көрген әлемі еді. Ол елдің санаулы саңлақтары арасындағы кесек тұлғалардың бірі ғана болып қойған жоқ, үлкен ғалым ретінде есімін күллі дүниежүзіне танытты.
Халқы барда тау тұлғаның есімі ұмытылмақ емес.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.