Қалалық қоғамдық-саяси газет

Татулық – тұрақтылықтың тірегі

0 532

Өмірдегі шиеленіскен мәселелерді сотқа жеткізбей, екі тараптың өзара келісімімен шешілуіне күш салатын бітімгершіліктің мақсаты ізгі. Осындай медиация кабинеті өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінде де жұмыс істейді. Аймақ бойынша құрылған Медиация кабинеті бітімгерлік институтын дамыту бойынша өз миссиясын күні бүгінге дейін тыңғылықты жалғастырып келеді.

Осы сала бойынша құрылған 40 алаңда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 38 медиаторы халыққа практикалық және бітімгершілік көмек көрсете отырып, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, соңғы есеп негізінде 2022 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін өңірлік ҚХА медиаторларына 215 азамат жүгініп, оның ішінде 163 жанжал мен 47 отбасылық даулы мәселелер оң шешімін тапты. Бұдан өзге де шешілген мәселелерге тоқталсақ, балаларынан бөлек тұратын ата-аналардың тұрғылықты жерлері туралы даулары – 8, баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша – 4, балаға алимент өндіріп алуға байланысты даулар бойынша – 20, жақын туыстар арасындағы мұра даулары бойынша – 15 іс-қимыл жасалды. Медиация кабинетінің бірінші тоқсанында және осы уақытқа дейін татуластыру рәсімдерін насихаттау бойынша жүргізген жұмыстарын өткен жылмен салыстырғанда биыл бір тоқсанның өзінде-ақ біршама нәтижеге қол жеткізілді. Атап айтсақ, ағымдағы кезеңдемедиация кабинеттеріне отбасылықдаулар бойынша 47 адам жүгінді. Бұл 2021 жылдың бірінші тоқсанына қарағанда 30,43пайызға артық көрсеткіші. Жәнеде бұл азаматтардың өңірдегі медиацияинститутын кеңінен танудан хабардарлығынжәне медиация арқылы дауларды шешудіңоң серпінін көрсетеді. Көрсеткіштердіарттыруда облыстың барлық аудандарындаБилер кеңестері мен Қоғамдық келісімкеңесі, Аналар кеңесі құрылып, жұмысістеп келеді. Сондай-ақ олардың қатарында дауларды бейбіт жолмен реттеуге ықпалететін татуластырушы судьялар да бар. Бүгінде біз осындай ынтымақтастыққа және өзара тиімді нәтижеге қол жеткізуге ұмтыла беруіміз керек. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында құрылған ҚХА Аналар кеңесі де отбасы ішіндегі жанжалдарды, дауларды реттеуде маңызды рөл атқарып жүрген ҚХА құрылымдарының бірегейі. Отбасылық және неке дауларына қатысты ажырасу үдерістерін азайту үшін «Достық үйінің» Медиация кабинетінде арнайы «Отбасы орталығы» ашылған. Аналар кеңесінің өкілдері отбасы ішіндегі жанжалдар мен дауларды реттеу негізінде медиация бойынша бітімгершілік ілім алу үшін түрлі семинар-тренингтерге қатысып тұрады. Олар отбасын сақтап қалу бойынша алдын алу жұмыстарын атқаруда. Үстіміздегі жылдың 1-тоқсанында оларға 3 отбасы жүгінді, онда олар келіссөздер кезінде 1 отбасын сақтап қалды. Басқа да кездейсоқтық жағдайларда достық қарым-қатынасты сақтай отырып, Аналар кеңесі оқушылардың мұғалімдерімен, ата- аналарымен қарым-қатынасы, туыстар арасындағы дау-дамай, бала ұрлау және тағы басқа келеңсіз жағдайларға байланысты, оған қоса баланың үйден қашу мәселелері және этнос өкілдері арасында болатын балалар қақтығыстарының да алдын алу проблемаларын қарастырады. Сонымен қатар тоқсан сайын аналар мен қыздарға қатысты рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеудегі отбасының рөлі, отбасындағы қыздарды тәрбиелеудегі моральдық-этикалық қағидаттар, қазақстандық патриотизм мен этносаралық толеранттылықты тәрбиелеудегі ананың рөлі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Жалпы, құқықтық даулар мен жанжалдарды жан-жақты дамыту және сотқа дейінгі және соттан тыс реттеуді енгізу бойынша өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен және этномәдени орталықтардың қоғамдық бірлестіктерімен татуластыру рәсімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға 2017 жылдың 4 тамызында қол қойылған. Осыған орай, құқықбұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарды оңалту үшін облыстың этномәдени бірлестіктері олардың мінез- құлқын психологиялық түзетуді жақсарту үшін тәрбиелік сипаттағы шаралар қабылдап, шығармашылық үйірмелерге қатыстырады.
Медиация институтын насихаттау үшін медиация кабинеті 78 адамды қамтитын 3 үлкен іс-шара өткізді. Олар түрлі мәселелер бойынша ұйымдастырылған қоғамдық қабылдау бөлмесі, жастармен диалог алаңы, этномедиация курстары.
ҚХА бітімгерлері қоғамда, ұжымдарда, түрлі этникалық топтарда жанжалды жағдайды азайту үшін бітімгершілікті сәтті пайдаланады десем қателеспеймін. Біздің өңіріміздің халқы үшін, көпэтносты ортадағы медиацияның ұсынатын бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген тұрмыстық жанжал, оның ішінде полиэтносты отбасылардағы даулар мен қақтығыстар түрлі этникалық тонмен боялуы да және оған қызығушылық танытатын көптеген «делдалдар» да күшіне енуі мүмкін. Біздің бітімгерлердің басты міндеті – кез келген тұрмыстық жанжалға біздің бейбіт елімізде негіз жоқ деп қарауы және этникалық компонентке араласпауы.
Мемлекетіміздің астанасында өткен ҚХА республикалық медиация кеңесінің отырысында ел Президентінің этномедиацияны дамытуға қатысты тапсырмаларын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың ақпан – наурыз айларында Тараз қаласында пилоттық режимде «Этносаралық қатынастардағы қақтығыстарды реттеу» тақырыбында 5 күндік оқыту курстары ұйымдастырылды.
Білім алушылардың мақсатты тобы облыстағы этноәлеуметтік шиеленіс картасына кіретін құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, білім беру жүйесінің өкілдерінен, этномәдени бірлестіктердің басшыларынан, Қордай, Шу, Меркі, Байзақ және Жамбыл аудандарының қоғамдық көшбасшылары мен медиаторларынан құрылды. Қатысушылар этникалық топтардың араласуымен жанжалдарды реттеу саласында қажетті білім алды. Алынған базалық білім ұлтаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталды және әлеуметтік қақтығыстар туындаған жағдайда оларды шешу үшін пайдаланылмақ.
Жуырда өткен ҚХА – ның ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев этнобітімгерлікорталықтарын ашу және осы салада оқытукурстарын көбейтуді қолға алуды ұсынды.Осыған орай, бүгінде Жаңа Қазақстандықұру бастамасы бүкіл қоғамды ұйыстыруда.Бұл идея ел азаматтарының жасампаздыққуатынан бастау алады. Референдумдаайтылған барлық оң өзгерістер, жаңаидеялар алға қойылып, оның ішіндебітімгерлік те бейбіт елімізде жанданып, халық үніне құлақ асатын мемлекетімізді жан-жақты жаңғыртуға өз үлесін қосуы керек деп санаймын.

Бибігүл ШАХЗАДА,
облыстық Қазақстан халқы
Ассамблеясының баспасөз хатшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.