Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Баршаңызды көктемнің алғашқы шуақты мерекесі – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыз аталмыш мерекені 2016 жылдан бастап атап өтіп келеді. Бұл күн күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, еліміздің дамуы жолында аянбай еңбек еткен барлық азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні.
Біз елді өркендететін тату тіршілік пен жарасымды сыйластық жолындағы ниетіміздің тоғысқаны үшін бір-бірімізге алғыс айтамыз.
Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді халқымыз қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған.
Қадірменді жерлестер!
Көне Тараз шаһарын дамыту жолында биыл «Әулиеата» және «Жібек жолы» аудандары құрылды. Жаңа шешім жергілікті атқарушы билікке тұрғындардың әлеуметтік жағдайын, сұранысын, қажеттіліктерін, қауіпсіздігін нақты ескере отырып, басқаруға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда әрбіріңіздің қолдауларыңыз бен қаламыздың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін қалалық мәслихат депутаттары және жеке өз атымнан шынайы алғысымды білдіремін.
Барлығыңызды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге зор табыс тілеймін!
Кенжебек Олжабай,
Тараз қалалық мәслихатының төрағасы