Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тартысты өткен тастаяқ турнирі

0 92

БАҚ өкілдерінің мереке күніне орай Мұса Рахманбердиевті еске алуға арналған дәстүрлі турнир Тараздағы «Империя» бильярд клубында Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, облыстық «Jambуl» телеарнасының қолдауымен он сегізінші рет өткізілді.

Турнирге қырық үш үміткер қатысты. Шараның салтанатты ашылуында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталған іс-шарада ардагер журналист Асқарбек Сейілхан мен Көсемәлі Сәттібай сынды қарымды қаламгерлер марқұм М.Рахманбердиев жайлы естеліктерімен бөлісті.

Ары қарай журналистер арасындағы ойын қызықты да тартысты өтіп, жартылай финалда Талас ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Серік Тәжібай «Jambylnews» ақпараттық агенттігінің қызметкері Самат Сатылғановты ұтып, шеберлік танытты. Ал республикалық «Астана» телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Берік Жакулаев аталған телеарнаның операторы Марат Таубаевты ұтып, финалға шықты. Финалда Берік Жакулаев Серік Тәжібайды жеңіп, жеңімпаз атанды. Сөйтіп, көздеген тасын түсірген көзмергендердің сайысының үшінші жүлдесі Марат Таубаевқа бұйырды.

Сонымен қатар турнир ардагер журналитер арасында да өтті. Онда І орынды Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану ораталығының директоры Жасұлан Әбдіхалық еншіледі.

Жарысты қала әкімдігі әшкі саясат басқармасының басшысы Талғат Тойшыбаев қорытындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және бағалы сыйлықтар табыс етті.

Еркін САЙЫН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.