Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тартысқа толы бәсеке

0 529

Студенттік уақыт – бұл әр адамның өміріндегі тамаша кезеңдердің бірі. Өйткені бұл уақытта жаңа білім алумен қатар біз жарқын әсерлер мен пайдалы таныстықтарға ие боламыз. Студенттердің көпшілігі университетте оқу бағдарламасы мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік алады.

Осы мақсатта олар әртүрлі ғылыми конференцияларға, семинарларға, конкурстарға белсенді қатысып, ғылыми жұмыстар мен жобаларды ұсына отырып, өз әлеуетін барынша арттыруға тырысады.
Соның жарқын дәлелі ретінде жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Химия және химиялық технология» факультетінде «Физикалық химия, катализ және мұнай-химия» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен «League of chemists» зияткерлік ойыны өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – физикалық химия саласындағы химиялық, химиялық-технологиялық және басқа да техникалық мамандықтар бойынша оқитын студенттердің зияткерлік деңгейін арттыру.
Шараға Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Жас ломоносовшылар», «SuperNova», С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің «Фармацевтер», С.Демирел атындағы университеттің «SDUdents», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Больцман» және «Энтропия» командалары қатысты. Сондай-ақ сайысқа кафедрамыздың меңгерушісі Е.А.Аубакиров орынбасарлары Г.К.Василина, Б.С.Бәкірова, профессор Г.А.Сейлханова, доцент А.С.Түсіпбекова, доцент Ж.Х.Ташмухамбетова, доцент Л.Р.Сасыкова, доцент Ж.Т.Ешова, аға оқытушы Р.Н.Ажигулова, доцент Е.Ж.Усипбекова, Р.А.Искакова, С.М.Наренова және «Физикалық химия, катализ және мұнай-химия» кафедрасының шақыруымен дәріс оқуға келген Грац технологиялық университетінің (Австрия) профессоры Камар Аббас та белсене атсалысты.
«Бейнетанысу», «Бейнесұрақ- тар», «Сөз тап», «Блиц-тур», «Тәжі- рибелік тапсырма» сынды 5 кезеңнен тұрған ойынның қорытындысы бойынша «Больцман», «Энтропия» командалары сәйкесінше бірінші және екінші орындарды иеленсе, «SDUdents» командасы үшінші орынға қол жеткізді.
Сондай-ақ шара барысында профессор К.Аббастың ұйымдас- тыруымен студенттермен, магистранттармен және докторанттармен электрохимия бойынша қызықты дәрістер оқылып, «Химия және химиялық технология» факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесулер өткізілді.
Р.А.Искакова,
С.М.Наренова,
А.А.Батырбаева,
Е.Ж.Усипбекова,
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
«Физикалық химия, катализ және мұнай-химия»
кафедрасының оқытушылары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.