Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тарихтан тағылым, өткенге тағзым

0 4  584

Қазақ елінің біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы облысымызда кең көлемде аталып өтуде. Айталық, күні кеше «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында әрі кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы саясатын үлгі ету мақсатында «Дінмұхамед Қонаев: тарих пен тағылым» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға қатысқан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай бастаған азаматтар әуелі Алаш ардақтысының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
Бұдан кейін «Д.Қонаев атындағы Халықаралық қордың облыстық бөлімшесінің тыныс-тіршілігі», «Білім мен мәдениеттің қарымды қамқоршысы» тақырыптарындағы бейнероликтер, слайд презентациялармен дөңгелек үстелдің шымылдығы түріліп, айтыскер ақындар Есет Досалы мен Дидар Басықараев жырдан шашу шашты. Сондай-ақ шара барысында филология ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті Темірбай Мұқашев белгілі қаламгер Рафаэль Ниязбектің «Көсем» тарихи романына шолу жүргізді.
Басқосу соңында журналист Көсемәлі Сәттібайұлы ұлт мақтанышының 110 жылдығына арналған «Мерей» орденімен марапатталды.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.