Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразым – бақыт мекенім

0 376

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай «Жастар» аллеясында Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясындағы оқушыларды жетістікке бағыттайтын үйірмелердің «Таразым – бақыт мекенім» атты шығармашылық есеп беру концерті болып өтті.

Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен шараға шаһар басшысының орынбасары Бақдәулет Сариев пен қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова арнайы қатысты.
Үйірме жетекшілерінің жыл сайын қосымша білім беру жүйесінің жұмысы туралы ата-аналар мен педагогикалық ұжым алдында есеп беруі дәстүрге айналған. Балалардың қабілетін шыңдау мақсатында өткен шығармашылық кешке 500 оқушы қатыс- ты. Онда домбыра, вокал, хореография, драма, каратэ, таеквондо үйірмелері сахнада шығармашылық нөмірлер арқылы есеп берсе, қол- өнер, сәулет, сурет үйірмелері қатысушыларының жұмыс- тары арнайы жасалған көрмеде көрсетілді.
Аталған гимназияда өнер бағытында 23, спорт бағытында 8 үйірме жұмыс істейді. Үйірме жұмыстары оқушыларды интеллектуалдық, шығармашылық және физиологиялық тұрғыда дамытуды көздейді. Барлық үйірмелер тегін және ата-аналар мен оқушылардан алынған сауалнама негізінде жүргізіледі. 2021-2022 оқу жылында гимназияның қосымша білім беру жүйесі 1220 оқушыны қамтыса, ол гимназияның барлық оқушыларының 59 пайызын құрайды. Ал мектептен тыс үйірмелерге 820 оқушы тартылып, ол 39 пайызға жетіп отыр. Биылғы оқу жылында үйірме қатысушылары қалалық жарыстарда 53, облыстықта 35, республикалықта 28, халықаралықта 18 жүлделі орындарды иеленген.
Кеш соңында Бақдәулет Жолдасұлы балаларды мерекемен құттықтап, әр қатысушыға қала әкімі Ержан Жылқыбаевтың арнайы құттықтау хатын тапсырды.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.