Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Таразтрансэнерго» жылу желілері мен қазандықтарды жөндеуден өткізеді

0 188

Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың қатысуымен «Таразтрансэнерго» мекемесі 2021 жылдағы жұмысының қорытындысы мен жұмыс жоспары  туралы мекеме басшысы К. Туртаеваның есебі тыңдалды.

«Таразтрансэнерго» кәсіпорыны 2004 жылы «Таразэнергоорталықтың» тұтынушыларына жылу энергиясын бөлу және тасымалдау мақсатында құрылған. 2020 жылдың басында «Теміржол-жылу» МКК-мен біріккеннен кейін кәсіпорын теңгеріміне 7 жергілікті (локальный) қазандық қабылданды.

Мекеме 208 шақырым жылу желісіне қызмет көрсетеді, оның ішінде 49 шақырым – магистралдық және 159 шақырым – ішкі кварталдық.

Тұтынушылардың жалпы саны – 1329, оның ішінде: заңды тұлғалар-262 (денсаулық сақтау нысандары-8, орта мектептер-41, балабақшалар-42, әлеуметтік нысандар-31, басқалары – 148) және көп қабатты тұрғын үйлер–1065.

Тараз қаласы бойынша «2021-2022 жылдардағы жылыту маусымын бастау туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 6 қазандағы өкіміне сәйкес кәсіпорын 7-ші қазаннан бастап нысандарды жылу энергиясына қосуды бастады. Бірінші кезекте денсаулық сақтау нысандары, мектептер, балабақшалар, әлеуметтік маңызы бар нысандар, содан кейін көп пәтерлі тұрғын үйлер 15 қазанына дейін жылу энергиясына қосылды.

Жылыту маусымы басталған кезінде көптеген үйлердің элеваторлық тораптарының аппатық жағдайда болуы, сүзгілері (грязевик) тесілуі, үйдің ішкі тарату жүйесінің тозып тесілуіне байланысты жылу энергиясын қабылдауға дайын болмады.

Кәсіпорынның диспетчерлік қызметіне жылыту маусымы басталғаннан бері тұтынушылардан 1165 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

– 583 өтініші көп қабатты үйлердің тозығы жеткен стояктар бойынша;

-109 бірынғай диспечерлік қызметінен 233 өтініш түскен;

– қазандық учаскісінен 117 өтініш түскен,

– тозығы жеткен құбырлардың тесілуі бойынша 232 өтініш түскен.

Түскен өтініштерге байланысты мекеме тарапынан тиісті жұмыстар атқарылды.

2022 жылға жоспарланған іс-шаралар:

1) 81 млн. теңге сомасына жылу желілерін, қазандықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды жоспарлы-алдын ала күрделі және ағымдағы жөндеуді орындау.

2) М-2 жылу магистралін қайта жаңарту жөніндегі жобаны аяқтау.

3) «КазЦентр ЖКХ» АҚ-ның бағдарламасы бойынша көп қабатты тұрғын үйлерге қалған жалпы үйлік есептегіш құралдардының мердігерлік ұйымның орнатуы.

4) 101,2 млн.теңге сомасына көлік техникасын, механизмдер мен жабдықтарды сатып алу бойынша ҚЭН іс-шараларын іске асыру.

5) 2022 жылға 58,4 млн. теңге сомасына инвестициялық бағдарламаны орындау.

6) кәсіпорынның технологиялық байланысты қызметі бойынша өзге де кірістерді дамыту.

7) М-3 жылу магистралі мен ішкі кварталдық жылу желілерін қайта жаңартуға ЖСҚ әзірлеу бойынша бюджеттік өтінім беру.

Шараны қорытындылаған қала әкімі жұмыс барысын қарқындату мен жоспарланған жобалардың тиіміділігне назар аударуды атап өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.