Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тараздықтар – Оңтүстік Корея төрінде

0 227

Оңтүстік Корея Республикасының Чхонджу қаласында дәстүрлі және заманауи қолөнер түрлерін сақтау мен дамытуға арналған ең ірі «Cheongju Craft Biennale 2025» атты халықаралық қолөнершілер көрмесі өтті.

Тараз қаласы Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы мәртебесіне ие шаһар ретінде осы мазмұны зор шараға арнайы шақырту алған болатын. Делегацияны Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова бастап барды.
Делегация құрамында Дүниежүзілік Қолөнершілер Кеңесінің (World Craft Council) Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша президенті, Қытай тоқыма және киім өндірушілер қауымдастығының мүшесі, «Asyl-Design» сән үйінің бас дизайнері, «Aspara Fashion Week» халықаралық сән апталығының негізін қалаушы, 80-нен астам сәндік және маусымдық киім топтамасының авторы Айдархан Қалиев және қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің туризм маманы Маржан Назаралиева бар.
Көрме аясында ұйымдастырылған форумда Қазақстаннан бөлек, Оңтүстік Корея, Қытай, Австралия, Жаңа Зеландия, Таиланд, Австралия, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінен келген өкілдер қолөнер саласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстарды кеңінен таныстырып, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар мәртебелі меймандар «Қолөнершілер орталығын» аралады. Орталықтың ерекшелігі сол, онда алыс-жақын шетелдердің де көрмелері жұмыс істеп тұр.
Көрмеде жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінен, жіп пен ағаштан жасалған бұйымдар, сурет өнерінің туындылары қойылған
Сондай-ақ өнер, шеберлік, мүсін жасау секілді түрлі бағыттар бойынша қолөнершілер мен келушілерді үйретуге арналған арнайы жабдықталған шеберханалар да орналасқан.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.