Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздықтар инфрақұрылым игілігінен кенде қалмайды

0 277

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізуде. Басқосу барысында шаһар басшысы  облыс орталығындағы алқаптарға инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстарына кеңінен тоқталды.

Қала әкімінің айтуынша, 2023 жылы «Казарма», «Құмшағал», «Қызыл Абад», «28 саяжай», «Шөлдала»,  «Жиделі», «Көлтоған», «Родничок», «Қайнар», «Мичуринец»,  «Ақжол» алқаптарына ауыз су құбыры желілерін тарту жоспарланып отыр екен. Сонымен қатар, 15-ші шағын аудан, «А.Асқаров», «Хамукат», «Қарасай», «Көктем» алқаптарына газ құбырлары тартылмақ. Сондай-ақ, 14, 15-ші шағын аудандар, «Шалғай Қарасу», «Қарасай», «А.Асқаров», «Хамукат», «28 саяжай», «Шөлдала», «Құмшағал», «Шаңырақ», «Көктем» алқаптарына электр желісі жүргізілмек. Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы, Қ.Тұрысов және Т.Рысқұлов көшелері бойында М-1 жылу магистралі қайта жаңғыртудан өтеді. Ал 2024 жылы «Шалғай Қарасу» алқабына ауыз су құбыры тартылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.