Биыл Тараз қаласында 27 көшенің орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қазір жұмыстар 17 нысанда аяқталды.
Атап айтқанда: Мелиоратор көшесі, бұрылыстары, Цветочный көшесі, 2 бұрылыс, Өзбек көшесі, Дулати көшесі 2 бұрылыс, Еспаев көшесі, Комратов көше сінің бұрылысы, Тюленин, Қашқари, Урицкий және Уәлиханов көшелерінің бұрылыстары, Заречная және Джалил көшелері, Өтегенов және Гончаров көшелерінің бұрылыстары, Нұрпейісов, Цветочный, Сухамбаев және Мичурин бұрылыстары, Аппасов көшесі (Ниетқалиевтен Сүлейменовке дейін), Мұқанов көшесі 3 бұрылыс, Крупская көшесі, «Мамыр» саябағына барар жол, Әулиеата колледжінің жанындағы жаяу жүргіншілер жолы, Қапал, Ишин, Тынышбаев көшесінің бұрылыстары, Локомотивная, Ақылбеков, Шалғай Қарасу.
Қалада 8 жоба бойынша жол негіздемелері әзірленген. Бұған Громов, Қажымұқан, Гипс және Сүлейменов көшелерінің бұрылыстары, Песчаный көшесі 2 бұрылысы, Лукманов көшесі, Сыздықов көшесі 5 бұрылысы, Д.Бедный көшесінің бұрылысы, Мусоргский көшесі, Райымбеков көшесі 1 және Зеленый көшесі 2 бұрылысы, Сеңкібай және Абай көшелерінің бұрылыстары, Сеченов көшесі, Қонаев көшесі 1 бұрылыс, Апсеметов көшесі.
Қайта жаңғырту жобасы бойынша Мәмбет батыр, Ташкент көшелерінің 9, 45 шақырымы енді.
Қазіргі таңда Ташкент көшесін қайта жаңғырту бойынша жұмыстарды «АрайстройGROUP» ЖШС жүргізуде. Сондай-ақ Аққозиев көше сінен Комратов көшесіне дейін асфальт салынған . Комратов көшесінен бастап 370 метр қашықтықта асфальт жабындысының 1-ші қабаты төселген. Мәмбет батыр көшесін қайта жаңғырту бойынша жұмыстарды «Маңғыстау жол құрылысы материалдары комбинаты» АҚ» ЖШС жүргізуде. Ұзындығы 4,9 шақырымды құрайды. Мәмбет батыр көшесінде асфальт жабындысының 1-ші қабаты төселіп, қалған теміржол өткеліне дейінгі аралыққа енді жасалмақ. Одан арғы жағындағы аралыққа жол негіздемесі әзірленуде.
«JT-ақпарат»