Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздық балғындардың қуанышы

0 472

Аулаларды абаттандыру айрықша маңызға ие. Бұл, бір жағынан, шаһардың шырайын кіргізсе, екіншіден, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне таптырмас мүмкіндік. Сондай-ақ мемлекеттің ұстанған басты саясатының бірі дені сау ұрпақ қалыптастыру да осындай ойын алаңшаларынан бастау алатыны белгілі. Бүгінде бұл бағытта шаһарда ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Айталық, қазіргі таңда балалар ойын алаңшасын салуға қалалық қазынадан тиісті қаражат бөлініп, «Аса» шағынауданы, №36, Лесхозный көшесі, Жилкооперация, 1 «А», Талас, №27, Жауғаш батыр, №8, 9, Төле би, №9 «Б», «Жансая» ш.а., №23, Сүлейменов, №8, «Ақбұлақ» шағынауданы, №1 (7 үй), Сағындықов, №38, Сәтбаев, №1, Сатыбалдиев, №40, 42, «Мыңбұлақ» шағынауданы, №46, Сыпатай батыр, №2 «А», 2 «Б», «Телеорталық» аумағы, №2, Қазыбек би, №142 секілді, жалпы саны 16 мекенжайда абаттандыру жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші – «Проект и К» ЖШС.
Оның ішінде 7 нысанда (Қазыбек би, №142, Сатыбалдиев, №40, 42, «Мыңбұлақ» шағынауданы, №46, Телеорталық, №2, «Жансая» шағынауданы, №23, Сәтбаев, №1, Сүлейменов, №8) тиісті жұмыстар толығымен аяқталуға жақын. Жалпы абаттандыру жұмыстары барлық мекенжайда қыркүйек айына дейін тәмамдалады деп жоспарлануда.
Осы орайда айта кетерлігі, былтыр шаһардағы 26 аула жаңа кейіпке енсе, биыл 25 аула ел игілігіне берілмек.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.