Жедел іс-шараларды өткізу барысында Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен гараж кооперативтерінің бірінен ұрланған қару-жарақтарды сақтаған 24 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Ол қаруларды жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлап, гараждың шұңқырына жасырғанын және кейіннен оны сатуға дайындағандығын мойындады.
Күдіктіден барлығы 10 бірлік «Макаров» маркалы тапанша, 4 бірлік «Калашников» автоматы мен 2 шулы граната тәркіленді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдіктінің қалада орын алған тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстық іс-әрекеттерге қатыстылығын анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Тәркіленген қару-жарақтарға қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.