Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тараздық ардагер құрметке кенелді

0 331

Қоғамның рухани тұғыры, ұрпақтың өмірлік темірқазығы қазыналы қарттарымыз екені даусыз. Саналы ғұмырын адал еңбек пен абыройлы қызметке арнаған қариялар – халқымыздың баға жетпес байлығы, өмір мектебінің ұстаздары. Бүгінгі өскелең ұрпаққа аға буынның ғұмыр жолы – бағыт, тағылымы – тәрбие, әрбір сөзі – өсиет.

Күні кеше Халықаралық қарттар күніне орай өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар ардагер құрметке кенелді. Солардың қатарында Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, 40 жылдан астам ғұмырын ішкі істер саласына арнаған Сәпілмәлік Тәжиев те бар.
Сәпілмәлік Абдуллаұлының есімі өзі тұратын «Жалпақтөбе» алқабына ғана емес, Тараз қаласы мен Жамбыл ауданына жақсы таныс. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы оның қажырлы қызметі талай жасқа үлгі боларлықтай. Жауапты қызмет жолында ол тек кәсібилігімен емес, адами бітім-болмысымен, биік парасатымен де құрметке ие болды. Әрине, ардагердің азаматтық болмысы тек қызметтік шеңбермен шектелмейді. Ол – ізгілікті істерімен танылған қайырымды жан. Қоғамның әр саласында көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық шараларына белсенді қатысып келеді. Сондықтан оның кеудесіне күні кеше «Тараз қаласының Құрметті ардагері» төсбелгісінің тағылуы – оның еңбегіне берілген лайықты әрі әділ баға.

Құрбанәлі ШАХАБАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.