Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда жол сапасы қатаң бақылауда

0 325

Соңғы екі жылдың көлемінде Тараз қаласында жол құрылысы қарқынды жүруде. Десе де төселіп жатқан жолдың сапасы әлеуметтік маңызы бар мәселе екенін естен шығармаған абзал.
Жалпы жол сапалы салынбаса, азабын тартатын – тұрғындар. Сол себепті, жолдың сапасы қатаң бақылауда болуы қажет.
Бұл тұрғыда Тараз қаласы әкімдігі мен «Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалы бірлесе жұмыс жасауда.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарынан кейін аталған мекеме мамандарының қатысуымен жол бөлігінен керн алынып, жол негіздемесі және асфальт жабындысына сараптама жүргізеді.
Сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда ғана тиісті нысан пайдалануға қабылданады. Ал, кемшілік анықталған жағдайда жауапты мердігер компания кемшіліктерді жояды немесе тиісті шаралар қабылданады. Сондықтан қалада салынып жатқан жол құрылысы тұрақты әрі қатаң бақылауда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.