Бүгін Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Жігіт сұлтаны-2021» облыстық байқауы өтті.
Байқауға Тараз қаласы және Сарысу, Меркі, Талас, Қордай, Шу аудандарынан 6 үміткер қатысып, бақ сынады.
5 кезеңнен тұратын байқауда әр кезең бойынша қатысушылар өздерінің сөз саптау мәнері, актерлік шеберлігі мен спорттағы ептіліктерін көрсетті.
Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, ұйымдастырушылардың дайындаған бағалы сыйлықтары мен арнайы дипломдары табысталды.