Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда желден кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүруде

0 379

Бүгін Таразда жылдамдығы секундына 38 метрге жеткен қатты дауылдың салдарынан 18 көпқабатты тұрғын үйдің 50-200 шаршы метр және 16 мектеп, 4 бөбекжай-бақшаның 50-300 шаршы метр шатырларына және 4 балабақшаның қоршауына зақым келген. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асхат Есеналиев БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз конференциясында айтты.
Оның айтуынша сағат 18:00-дегі жағдай бойынша шаһар көшелерінде 18 электр бағанасы құлап, 1,5 шақырым электр желілері үзілген. Сондай-ақ электр желілерінің үзілуіне байланысты 5 кіші қазандықта жылу беру уақытша тоқтатылған. Сонымен қатар 45-тен аса үлкенді-кішілі талдар, 12 аялдама құлап, 32 бағдаршам істен шыққан. Бұдан бөлек 34 билборд, 9 пилонның баннері, 64 жалауша жыртылып, бүлінген.
— Оқыс оқиғаға байланысты шаһардағы барлық мектептің оқушыларын сағат 10:00-ден үйлеріне қайтарып, оқу процесін онлайн жүйеге көшіру туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда құлаған ағаштарды кесу және аумағын тазалау жұмыстарына «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-мен 6 бригада тартылса, электр желілерін қалпына келтіру бойынша «ЖЭС» ЖШС мен Тараз қалалық электр жүйесі тарапынан 22 бригада жұмылдырылды. Тағы бір айта кетерлігі, газ желілерінің зақымдану орын алмағандықтан, тұрғындарға тұрақты берілуде. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеуде, – деді Асхат Есеналиев.
Ал төтенше жағдайдан келген шығын көлемі әзірге белгісіз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.