Қала әкімдігінің 2025 жылғы 26 ақпанындағы №483 қаулысына сәйкес, 1 наурыз бен 26 сәуір аралығында қала аумағында санитарлық тазалық жөнінде екі айлық жарияланған.
Осыған орай, қалада жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр.
Тазалық – қоғам айнасы. Қала тазалығын жауапкершілікпен орындау, ұқыпты ұстау санитарлық талап қана емес, мәдениет пен талғамның белгісі.
Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына әкімдіктің барлық бөлім қызметкерлері – мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, медицина саласының мамандары, жалпы шаһар тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әр мекеме өзіне тиісті аумақты қоқыстан тазалап жатыр.
Барлық жұмыстар санитарлық талаптарды сақтай отырып жасалынуда.
“Жасыл Ел-Тараз” еңбеккерлері арық-атыздар мен аулалардан шығарылған қоқыс қалдықтарды қала сыртындағы арнайы жәшікке шығарып, игілікті іс атқаруда.
Тазалық жұмыстарын жұмыла бірігіп орындау — баршаға ортақ міндет. Осы орайда қала тұрғындарын әр сенбілікте тазалық жұмыстарына атсалысуға шақырамыз!