Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздағы NIS ұстаздары «IMPACT Olympiad» байқауының жүлдегерлері атанды

0 424

8-13 қаңтар аралығында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде, математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті.

Аталған іс-шараға еліміз бен шетелден 400-ге жуық математика, физика және информатика мұғалімдері мен тренерлері қатысты.

Байқауда Тараздағы NIS мектебінің физика пәні мұғалімі Бекет Абдуллаев ІІІ дәрежелі дипломмен, информатика пәні мұғалімдері – Аңсар Әкім мен Нурманап Колоханов ІІІ дәрежелі дипломға ие болды

Мұғалімдерді жеңістерімен құттықтай отырып, еңбек жолына табыс тілейміз!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.