Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS қайта акредиттеуінен өтеді

0 336

Назарбаев Зияткерлік мектептері әр 5 жыл ішінде халықаралық акредиттеуден өтіп, мектеп білімінің жоғарғы сапасын дәлелдейді. Акредиттеу жаңа жетістіктерге міндеттейді.

Қазіргі білім беру әлемінде аккредиттеу ісі оқыту сапасын жоғарылатуда және дамытуда шешуші рөл атқарады. Соның бірі – Халықаралық мектеп Кеңесі (CIS), бұл – күллі әлемдегі білім беру мекемелеріне кәсіби қолдау көрсететін коммерциялық емес мекеме.

Халықаралық CIS хаттамасы – мектепті жүйелі және үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында мектеп қауымдастығын рефлексиялауға, бағалауға және өркендетуге арналған құрылымдық әдістеме.

8-12 сәуір аралығында Тараз қаласындағы НЗМ қайта CIS аккредиттеуінен өтуге шетелдік эксперттер келді. Сарапшылар сапар барысында мектеп білімінің тереңдігі мен сапасын, сондай-ақ мектеп ұжымының жұмыстары мен мектеп тіршілігмен толықтай танысып үлгерді.

Апта бойына түрлі әдістемелік шаралар жоспарланып, домендер мен кездесулер өткізіп, оқушылардың жеке пікірін тыңдап ой алмасып қана қоймай шетелдік сарапшылар мектептегі қосымша білім беру жұмыстарына да куә болды.

Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде балалардың жан-жақты дамуы үшін бірқатар үйірмелер үздіксіз жұмыс істеп келе жатқаны белгілі. Апталықта мектеп педагогтері мен оқушылары CIS өкілдерін аталған бағытпен жақынырақ таныстырды.

Сондай-ақ жемісті де жүйелі білім берудің маңызды бір тұсы – оқыту әдістемесі. CIS сарапшыларының сабақтарды қадағалауы оқытудың әртүрлі тәсілін қарастыруға және үздік тәжірибелерді табуға жол ашады. Оқушылардың ықыласын өзіңе аудару және оларды ынталандыру үшін қандай әдістер қолданылады? Ұстаз бен шәкірттің өзара арақатынасы қалай қалыптасады? Осы және өзге де сұрақтар сабақтарды бақылау процесінде өз жауаптарын таппақ.

Міне, осылай бір аптаға жалғасқан сарапшылардың сапары сәтті аяқталды. Кері байланыс барысында, сарапшылар Тараздағы НЗМ оқушыларының болашағы жарқын екенін де атап өтті. Мектеп ұжымының ұйымшылдығы мен жұмыс барысындағы жауапкершіліктеріне ризашылықтарын білдіріп, нәтижеге жетуге сәттілік тіледі.

Мектеп қайта акредиттеудің жауабын 1-3 ай аралығында алатын болады. Жағымды жаңалықтар күтілуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.