Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда тал егу жұмыстары жалғасуда

0 361

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд ағаш егу тапсырмасы аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және Жамбыл облысы әкімдігі арасында 2021-2025 жылдары ормандарды молықтыру және молайту туралы кешенді жоспар бекітілген. Осы кешенді жоспар бойынша облыс аумағында 2025 жылға дейін 140,8 млн ағаш егілуге тиіс.

Осыған орай Тараз қаласында «Жасыл желек – жердің көркі» жобасы аясында Желтоқсан көшесіне – 80 туя, Сүлейменов көшесіне – 200, Саңырық батыр көшесіне – 685, Мәмбет батыр көшесіне – 220, «Қызыл Абад» тұрғын алқабына – 15 000 қарағаш, сондай-ақ Сәтбаев көшесіне – 160 ясен, Кенесары көшесіне – 115 туя, «Біз біргеміз» монументінің маңына 70 шынар үйеңкісі отырғызылды.
Бұдан бөлек, биыл аталған жоба шеңберінде «Құмшағал», «Көлтоған» алқаптарындағы 20 гектар жерге 10 мың түп ағаш егілсе, қала ішінде 7 мыңнан аса көшет отырғызылған еді.
Оның ішінде өткен сенбіде Мәмбет батыр көшесінің бойына («Ауыл-Береке» базарынан Бурыл ауылына баратын жолға дейін) 500-ден аса қарағаш егілген болатын.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.