Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда тұрмыстық қоқыс жәшіктері жаңартылуда

0 532
Тараз қаласының аумағында 520 қоқыс контейнерін жаңалау жоспарланып отыр.
Жалпы Таразда дәл қазір 1380 қоқыс жәшігі қойылған. Былтыр тұрғын үй аулаларында 455 дана қоқыс жәшігі жаңаланыпты.
Ал биыл 350 дана қоқыс жәшігі ауыстырылып, белгіленген арнайы орындарға орналастырылды. Сонымен қатар, 170 дана қоқыс жәшіктерін тұрғын үй аулаларына орналастыру жұмыстары күнделікті жүріп жатыр.
Айта кетейік, қаланың санитарлық-тазалығын сақтау мақсатында халық игілігі үшін аталмыш жұмыстар жыл сайын жалғасады.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.