Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті

0 636

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Таразда салтанатты жиын өтті.

«Баласағұн» орталық концерт залында өткен шараға көпшілікпен бірге Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пен «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев қатысып, мерекемен құттықтады.

Аймақ басшысы өз сөзінде Отан қорғаушылар күні – ел әскерінің қуаты мен айбынын айғақтайтын мереке, еліміздің тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн екендігін атап өтті.

– «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген қаһарман Бауыржан Момышұлының рухты сөзін өмірлік ұстанымына айналдырған сарбаздар қашан да ел мақтанышы болып қала береді.
Еліміздің бейбітшілігі мен жарқын болашағы үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін,-деді Нұржан Нұржігітов.

Салтанатты жиында аймақ басшысы бірқатар әскерилерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапаттады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.