Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда облыс әкімінің кубогы үшін турнир басталды

0 226

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ересектер арасында волейболдан Жамбыл облысы әкімінің кубогына арналған турнирдің ашылу салтанаты өтті. Оған аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

– Спорт – әрбір мемлекетті, ұлтты әлемге танытып, абыройын арттырады. Жастарымыз спортпен айналысып, жаман жат әдеттерден аулақ болуы тиіс.

Мұндай жарыстар алдымен ауылдық, аудандық деңгейде іріктеліп, сосын облыстық, республикалық көлемде өтуі керек. Сонда ауылдағы нағыз таланттардың көрінуіне жол ашылады.

Бүгінде Мемлекет басшылығының тапсырмасына сәйкес өңірде бұқаралық спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың көрсеткіші артып келеді. Олардың саны 400 мыңға жуықтап, 34 пайыздн асса, біз бұл көрсеткішіті 40 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз.

Жыл сайын жаңадан спорт кешендері бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. Өткен жылы 14 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 92 спорт алаңшасы қолданысқа берілді.

Жақында ғана облысымызда алғаш рет гимнастика және үстел теннисі спорт кешені ашылды. Осындай заманауи нысанда жаттыққан балалар ертең чемпионы атанарына сенеміз, – деді облыс әкімі.

Екі күнге жалғасатын турнир барысында Қордай, Байзақ, Меркі, Талас, Сарысу, Жамбыл, Жуалы, Мойынқұм, Шу, Т.Рысқұлов аудандарының командалары, сондай-ақ Тараз қаласының 2 құрамасы өзара бақ сынасады. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтарға ие болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.