Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда қоқыс жәшіктері жаңартылуда

0 1  297
Тазалық табалдырықтан басталады. Кейбір тұрғындар үйінен, ауласынан шыққан қоқыстарды есігінің алдына шығарып, электр бағаналарының түбіне тастап кетуді әдетке айналдырған. Шаһарда түрлі түсіндірме жұмыстары жүргізілсе де, көшеге қоқыс тастаушылардың қатары азаймай отыр. Тіпті, учаскелік инспекторлармен бірлесіп түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, тәртіп бұзған тұрғындарға айыппұл да салынды. Дегенмен, қаладағы қоқыс қордаланған мәселеге айналып барады.
Аталған мәселені оңынан шешіп, Таразда санитарлық талаптарды жетілдіру мақсатында қоқыс тастауға арналған контейнерлер саны артты.
Бүгінде қалада тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған 328 алаңша бар. Олар 1 540 дана жәшікпен қамтылған. Ағымдағы жылы «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің мердігерлігімен 520 дана жәшік сатып алынып, шаһар аумағындағы ескі, тозығы жеткен қоқыс жәшіктерімен ауыстырылды.
Бұдан бөлек, қажеттілікке байланысты тағы 600 жәшік алуға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жеңімпаз «ARLAN TRANS-LOGISTICS» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Қазіргі таңда, 400 қоқыс жәшігі «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС қоймасына әкелінді. Қалғандары желтоқсан айының 25-іне дейін толық жеткізілетін болады.
Осы ретте қаланың санитарлық тазалығын сақтау мақсатындағы бұл жұмыстар жыл сайын өз жалғасын табатынын айта кеткен абзал.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.