Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда Несіпбек Дәутайұлының мұражайы ашылады

0 565

Таразда Несіпбек Дәутайұлының мұражайы ашылады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі. Бұл туралы белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Бүгін Жамбыл Облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлының қабылдауында болып қазақтың қабырғалы қаламгері Несіпбек Дәутайұлының мұражайын жасақтау тақырыбында әңгімелестік. Біздің осынау бастамамызды қолдаған Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының арнайы xатын облыс әкіміне табыстадым. Көрнекті жазушы ағамызға деген облыс әкімінің де ілтипаты ерекше екен. Құдай қаласа, Тараз шаһарының жүрегі Шаxристандағы Шерxан Мұртаза ағамыздың мұражайының қатарынан ардақты Несіпбек ағамыздың да мұражай орын тебетін болды, – деді ақын өз жазбасында.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, қабырғалы қаламгер Несіпбек Дәутайұлы 74 жасында дүниеден озған еді. Жазушының артында оқырманға мұра болып “Ақ көгершін”, “Алма ағашының бұтағы”, “Әнім сен едің” атты повестері, “Құдірет пен Қасірет” романы, “Көгілдір көйлекті келіншек”, “Ойынды еті он бөлек”, ІІ томдық таңдама шығармалар жинағы, “Аты жоқ әңгіме”, “Кісі иесі” сияқты кітаптары қалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.