Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда өнеркәсіп өндірісінің көлемі ұлғаяды

0 278

Дәл қазір Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің жамбылдық журналистер қауымымен кездесуі өтіп жатыр. Жиын барысында шаһар басшысы Тараз қаласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған жоспарымен таныстырды.

Өз сөзінде Бақытжан Әмірбекұлы 2025 жылға қарай өнеркәсіп өндірісінің көлемін 567,8 млрд. теңгеге жеткізу жоспарда тұрғанын мәлімдеді. Аталған мақсатта жыл сайын 5-10 пайыз өсім қамтамасыз етілмек. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін жалпы құны 16,5 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылады.

Олар:

  1. «Alina Group» ЖШС өндірістік базасын кеңейту және жаңарту жобасының құны – 7,31 млрд. теңге, жоба қуаттылығы жылына – 150 мың тонна құрғақ құрылыс қоспаларын шығару, ашылатын жұмыс орны 169 бірлік.
  2. «Kisc» ЖШС«Металл құю цехын жаңғырту» жобасы. Құны – 1,87 млрд. теңге, қуаттылығын жылына 3,5 мың тоннадан 24,0 мың тоннаға дейін арттыру, ашылатын жұмыс орындары – 150 бірлік.
  3. «Дәмді себет» ЖШС «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру» жобасы. Құны – 320 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 2 160 тонна ұн өнімдері, ашылатын жұмыс орындары – 105 бірлік.
  4. «СП-Тараз PET» ЖШС«Полиэтилентерефталат рециклингу бойынша зауыт салу» жобасы. Құны – 3,86 млрд. теңге. Жобаның қуаттылығы – 6 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 64 бірлік.
  5. «Alima Delux» ЖШС-ның «Тұрмыстық техника зауыты» жобасы (газ плита өндірісі). Жоба құны – 3,35 млрд. теңге. Жобаның қуаттылығы жылына 100 мың дана газ плита шығару, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 500 бірлік.
  6. «Оргэлитстройсервис» ЖШС «Қант қызылшасы мен мелассаны терең өңдеу арқылы қант өндірісі» жобасы. Құны – 880 млн. теңге, жоба қуаттылығы жылына 6 120 тонна қант өндірісі, 330 тонна қант мелассасы, ашылатын жұмыс орындары – 36 бірлік.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.