Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда Мойынқұм ауданының күндері өтті

0 488

Бүгін Тараз қаласының төріндегі «Баласағұн» орталық концерт залында «Туған жерім – дархан далам» атты Мойынқұм ауданының Тараз қаласындағы күні өтті,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Шара барысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, шаһар тұрғындары мен қонақтары мойынқұмдықтардың тыныс-тіршілігімен, мәдениетімен жақынырақ танысты. Мәселен, Мойынқұм аудандық білім бөлімі мен Жазылбек Қуанышбаев атындағы музейі ұйымдастырған «Мойынқұм табиғаты», «Жазылбек – 125», «Көне бұйымдар» тақырыбында көрмелер, қазақ, өзбек, ұйғыр, татар, орыс ұлттарының ұлттық көрмесі мен тағамдарынан тарту. Содай ақ ұлттық спорт түрлері асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күрес, ләңгі тебу ойындары өткізілді.Сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі деұйымдастырылып, қолжетімді бағада қала халқы мен қонақтарына сатылымға шығарылды. Және де өңірдегі өндіріс орындары шығаратын өнімдер (эталондарын) көрмесі, қолөнер бұйымдар көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Шара соңында Мойынқұм ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Мәдени шара аясында Қазақстанның эстрада жұлдыздары, Мойынқұм ауданының тумасы Ерлан Орынбасар мен Баян Нұрмышева әннен шашу шашып, «Құт дарыған, Мойынқұм!» атты театрландырылған қойылым көрсетілді.
Шараны облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған облыс басшылары мен зиялы қауым азаматтар тамашалады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.