Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Таразда есту қабілеті зақымданған жастар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде

0 58

2026 жылдың 23–31 наурыз аралығында Тараз қаласында есту қабілеті зақымданған 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтуде.

Аталған республикалық додаға еліміздің 7 өңірінен жас спортшылар қатысуда. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Жетісу, Қостанай және Түркістан облыстарынан 36-ға жуық шахматшы өзара бақ сынауда.

Чемпионаттың басты мақсаты – есту қабілеті зақымданған жастарды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, олардың зияткерлік және спорттық деңгейін арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.

Шахмат – логикалық ойлау мен стратегиялық шешім қабылдауды талап ететін зияткерлік спорт түрі. Осы тұрғыда бұл жарыс қатысушыларға тәжірибе алмасуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға және өз шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Аталған чемпионат тек жарыс алаңы ғана емес, сонымен қатар жас спортшылардың табандылығы мен ерік-жігерін, рухани беріктігін айқындайтын маңызды спорттық шара болып табылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.