Таразда ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында егіздер – Жания және Сания Қонысбаевалар №28 учаскеде алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берді.
– Біз еліміздің бай-қуатты болғанын қалаймыз. Сондықтан еліміз үшін алдағы сайлаудың маңызы зор. Біз өз Отанымыздың келешегі кемел болуы үшін дауыс бердік. Өз таңдауымызды жасау үшін сайлауға алғашқылардың бірі болып бардық. Замандастарымды да саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамын, – дейді Сания Қонысбаева.