Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда дауылдың зардабын жою жұмыстары жүріп жатыр

0 191

Бүгінгі сағат 13:00-дегі ақпарат бойынша Таразда секундына 25 метр жылдамдықпен соққан жел  салдарынан қала бойынша 5 көпқабатты тұрғын үйдің 50-200 шаршы метр және 12 мектеп, 4 бөбекжай-бақшаларының 50-300 шаршы метр шатырлары зақымдалды. Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала көшелерінде 10 электр бағанасы құласа, 0,5 шақырым электр желілері үзілді.

Жылу беруші кәсіпорындардағы 5 кіші қазандықта электр желілерінің зақымдалуына байланысты, жылу беру уақытша тоқтатылды.

Қала көшелерінде 45-тен аса үлкенді-кішілі талдар, 12 аялдама құласа, 32 бағдаршам істен шықты.

Қала бойынша 34 билборд, 9 пилонның баннерлері мен 64 жалауша жыртылып, зақымдалды.

Барлық мектептердегі оқушылар сағат 10.00-де үйлеріне қайтарылып, оқу процесі онлайн жүйеге ауыстырылды.

Қазіргі таңда құлаған ағаштарды кесу және аумағын тазалау жұмыстарына «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-мен 6 бригада тартылып, жұмыстар атқарылуда.

Электр жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарына «ЖЭС» ЖШС мен Тараз қалалық электр жүйесі тарапынан 21 бригада жұмылдырылып, қайта қосу жұмыстары жүргізілуде.

Газ желілерінің зақымдалуы орын алған жоқ, қалаға газ тұрақты берілуде.

Барлық коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелер күшейтілген режимде жұмыс жасауда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.