Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда бірқатар нысандарды қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде

0 703

Облыс орталығында демалыс нысандарын қайта жаңарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. «Майская роща» саябағы. 15,87 га аумақта қураған ағаштарды кесу және жалпы аумағын абаттандыру жқмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

«Таразға тарту» жобасы аясында саябақ аумағында амфитеатр мен «Білім» аллеясын қайта жөндеу жұмыстары аяқталды. тротуар плиталары төселді, жаңа орындықтар орнатылды. ЖСҚ-ға сәйкес объект аумағында келесі жұмыс жүргізілетін болады:

  1. Бетон конструкциялар мен қоршау плиталарын демонтаждау, ағаштарды санитарлық кесу.
  2. Жаяу жүргіншілер тротуарлары мен веложол, «Street Workout» алаңы, 2 футбол алаңы және 2 баскетбол алаңы салынады.
  3. Қоқыс жәшіктері, жарық шамдары орнатылады.

«Таразға тарту» жобасы аясында салынып жатқан – «Ана мен бала»саябағы. Рафинандная көшесінде орналасқан скверде ЖЭО инвестициясының есебінен бетон алаңдарының плиталарын қайта жөндеу, қураған ағаштарды кесу бойынша жұмыстары жүргізілді. Тас төсемнен жаяу жүргіншілер тротуарын, Рафинадная тұйық көшесі бойынша асфальтталған жолды орнату, ескерткішті қалпына келтіру және ескерткіштің жаңа тұғырын орнату. Саябақ аумағында шағын сәулет нысандары орнатылып, демалуға арналған 15 орындық пен қоқыс  жәшіктері, 14 жарық шамы мен 2 прожектор орнатылды. Сонымен қатар спорттық және балалар алаңын орнату жүзеге асырылды. Саябақ аумағында МАФ-тар, 100 ағаш пен 50 хризантема бұтасы отырғызылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.