Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Таразда бас шыршаның шамы жағылды

0 93

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қаладағы бас шырша салтанатты түрде жандырып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Салтанатты сәтке қала әкімі Бақытжан Әмірбекұлы Орынбеков және Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Дүниежүзілік гимназиада ойындарында бокстан алтын медаль иегері, мектеп оқушылары мен студенттер арасында әлем чемпионы, Қазақстан құрама командасының капитаны, Нарғозы Данаев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Арсен Сәбитұлы Жолдығұл қатысты.

Сонымен қатар мереке қарсаңында тараздықтар көптен күткен мұз айдыны ресми түрде ашылып, қала тұрғындарын сырғанап, белсенді демалысқа шақыруда.

Іс-шаралар барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік әсерге бөленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.